Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кешірдім

08.12.2022, 9:40 941

QR-код  арқылы  қара  өлең  тыңдаңыз!

Жанар  БИМҰРАТҚЫЗЫ

Мен бүгін келеді кешіргім,

Біреуді емес, бәрін де

кешірдім.

Көріп тұрып – көрмегенді де,

Біліп тұрып – білмегенді де.

Жаныңа жақын тартқанмен,

Көңілін – бөлмегенді де.

Кешірдім.

Шындыққа – сенбегенді де,

Ойларын – жеңбегенді де.

Түсінуге тырысып, сырды ұғып,

Тереңге – енбегенді де.

Кешірдім.

Іздесең – келмегенді де,

Қол ұшын – бермегенді де.

Барлығын біле тұрғанмен,

Әдейі – көрмегенді де.

Кешірдім.

Аяқтан  шалып – құлатқанды да,

Жаныңа тиіп – жылатқанды да.

Бетіне күліп қарап, бірақ та,

Өсек айтуды ұнатқанды да.

Кешірдім.

Ренішпенен мына фәни өтпесін,

Алла бізді иманды жан еткесін.

Кешіріңдер қатем болса мені де,

Ешбір күдік ойымызда кетпесін.

Кешірдім.

Сендер де мені  кешіргін…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: