Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы – басты назарда

21.09.2022, 17:30 306

HALYQLINE.KZ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында жылу маусымы және әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығы бойынша брифинг өтті.

Қазіргі таңда облыстағы коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Сондай-ақ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК бойынша барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары орындалған. Станцияның негізгі қондырғылары және Оңтүстік, Қазалы теміржол жылу қазандықтары қысқа дайын.

Брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов облыс бойынша 1064 әлеуметтік нысан бар екенін айтты.

-Биылғы жылу беру маусымына дайындық кезеңінде 529 білім, 288 мәдениет және спорт, 247 денсаулық сақтау нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу беру маусымы кезеңінде көмір бағасын бірқалыпты жағдайда ұстау үшін әкімдік пен өңірлік операторлар арасында келісімшарт жасалды. Алдағы жылу беру маусымының дайындығы облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, – деді Руслан Аймырзаұлы.

-Қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымдарына қажетті қатты отын мен сұйық отынға келісімшарт жасалып, жеткізілді. Бүгінде жылу беру маусымына дайындығы толық қамтамасыз етілуде, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Таукеев.

Облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбеттің баяндауынша, білім беру нысандарына қажетті сұйық және қатты отын көлемі анықталған. Жылу маусымына тиісті қаражат бөлініп, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

-Басқармаға қарасты 5 медициналық-әлеуметтік мекеменің 4-еуі табиғи газбен, 1-еуі сұйық отынмен жылытылады. Сол себепті жылу беру маусымына дайындық барысы кезеңінде жылу жүйелеріне толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: