Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сөзі аз, мағынасы көп

25.08.2022, 9:40 699

Көп сөзден, дөп сөздің артық екені баршаға белгілі. Өйткені, қысқа әрі нұсқа нәрсеге тап қазір көбірек иек артатын жұртшылық ащы ішектей шұбатылған шығармаларды оқи қоймайды. Автор оқырманның талғамына жұмыс істеуі міндетті емес. Әлемде қысқа әңгіме жазудың шеберлері қалыптасқалы қашан? Алыстан  орағытпай-ақ,  бірнеше беттегі ойды бірнеше сөйлемге ғана сыйдыру да – нағыз шеберлік. Солай шығар. Осы орайда, «Халық» газеті оқырмандарына тілші    Рыскелді  Жахманның  шығармашылығын  ұсынып отырмыз.

Аяқкиімнің табаны таза болса, бетін тазалау оңайға түседі…

* * *

Бір кісі білімсіздігін көп сөйлеу арқылы көрсеткісі келді. Ол сынық қоңыраудың сыңғырлап жарытпайтынын білмесе керек-ті…

* * *

Ақшаны қажет ететіндердің бәрі оған зәру емес…

* * *

Бүгін «бәрекелді!» деп АРҚАҢЫЗДАН қаққандар, ертең АРҚАҢЫЗДАН итеріп, шұңғымаға сырғыта салуы әбден мүмкін. Абайлаңыз!

* * *

Бұрындары ЖЫР ТЫҢДАЙТЫНДАР көп еді, қазір ЖЫРТЫҢДАЙТЫНДАР көбейген.

* * *

Қазір көбі құрғақ жолдағы кедір-бұдырдан қашып, тегіс көрінген батпақты жолға түсіп кетуде…

* * *

Тіпті, ойыңызға келген жаман ойдың бәрін жүзеге асыра алмайсыз. Көрдіңіз бе, сіздің құқығыңыз шектелген.

* * *

Күлкі ойнап тұрғанымен келбетінде,

Мұңсыз адам жоқ дер ем жер бетінде!

P.S. Мұңсыз  адам  болмайды, мұңын  жасыратындар  болады…

* * *

Қазақты инстаГРАМ мен жүзГРАМға байлап қойған заман-ай!

* * *

Қызметі өссе бір-бірін күндейді. Өзінен өсіп бара жатқанын кім жақсы көрсін!? Біз бұл жолда оның абырой, атақ-даңқы мен жеткен жетістігіне еш зиянымызды тигізбей бәсекелестік танытуымыз керек. Бәсекелестік ұғымын меніңше жақсы жағынан пайдалануға болады. Бәсекелес­тікті қарсыласының аяғынан шалу мен орға жығу екен деп түсінбейік.

Өмір  алма-кезек…

Бұрын:  Қолара  (құрал-сайман – ред.) қанша  өткір  болғанымен,  өз сабын  кесе  алмайды.

Қазір: Пчёлка (гуглден фотосын көріп алыңыздар – авт.) өз шнурын парша-паршасын  шығарады.

Тағы  бір  айырмашылығы, қолара жай кеседі, пчёлка жылдам кеседі.  Бірақ, сібет болмаса, екіншіңнің құны көк тиын. Ал, қолара жұмысын  жалғастыра береді. «Просты» өмірдің алма-кезек екенін  жеткізгім  келді…

Рыскелді  ЖАХМАН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: