Кеше Қызылорда облысының әкімінің тапсырмасына сәйкес, құрылысшылар күні мерекесі аясында Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен «Мұстафа Шоқай» автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылыс жұмыстарының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, Тартоғай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы еңбек ардагері Б.Пірімбетов, Еңбек ардагері А.Абдрамановтар қатысып, ауданның тіршілігіне тың тыныс берер, халықтың тұрмыс сапасының артуына септігі мол серпінді жоба құрылысының басталуына сәттілік тіледі. 15 мыңға жуық халқы бар 6 ауылдық округін газдандыру мақсатындағы маңызды жобаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің, аймақ басшысының қолдауымен мамыр айында 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген. Ірі стратегиялық маңызы бар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры – Сыр еліне, оның ішінде ауданымызға сәтті жоба. Жоба аясында автоматты газ реттегіш станциясымен қатар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан сағатына қысымы 20 мың.текше метр газ өткізетін 21 шақырым газ құбырының желісі жүргізілетін болады. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!