Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұржан Нұрмағанбетов: «Халық» есімін қоюымыздың өзінде үлкен сыр, ауыр жүк бар

21.07.2022, 11:20 623

Бүгін – «Халық» газетінің туған күні

…Оны былай қойғанда, басылым мұқабасының оң жақ тұсында көкке қарап ұлып тұрған бөрінің бейнесі (логотип) мен газет ұранына (слоган) айналған «Халық – Құдайдың бір аты» деген сөзді өзіңіз байқап жүрген шығарсыз. Әлі күнге осы бейне мен сөзге шүйлігетіндер бар.

– Неге?

– Неге дейсіз бе? Оған себеп, елдің жоғын түгендеп, мұңын шағатын, шын­дықтың тұмылдырығын шешіп айтатын, бет-жүзіне қарамай, бағытты нақ көрсететін бірден-бір газет болған соң бастапқыда көпшіліктің де үрейлене қарауы еді. Алайда әу баста өз бағытын айқындап, жос­парын жүйеге салып қойған басылым жанашырлары үшін бағдарды өзгерту туралы ой қалыптасқан жоқ. Кезінде газеттің атауы мен логотипте бейнеленген көкбөрі туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан аға Тебеге­нов өзінің зерттеу мақаласында жіті талдап көрсетті. Біздің газеттің алғашқы нөмірінде «Халық – Құдайдың бір аты» атты мақалада газеттің ұстанымы мен бағыты туралы: «Ұлан-ғайыр тарихы, ұлы далалық салқар мәдениеті бар қазақ хал­қының осы бір киелі сөзі бекерге айтылмаса керек-ті. Халық – үлкен ұғым, ұлы атау, аталы жұртымыздың әруақты аты. Өмірге тәй-тәйлап қадам басқан жаңа басылымға «Халық» есімін қоюымыздың өзінде үлкен сыр, ауыр жүк бар екенін де айтқымыз келеді. «Халық» газетін қа­зақ халқының тәуелсіздігі жо­лында жүр­гізілетін мәңгілік күрестің белгілі бір кезеңдегі жаршысы деп те есептеуіңізге болады. Газетіміздің бетінде елең еткізер жаңалықтар, ата тарихтан тың деректер үнемі беріліп тұрады. Міне, жиырма жылдан бері халықтың арман-мақсатын қозғап келе жатқандықтан да, халықтың газетіне айналып, бұқараның көңілінің бізде екеніне дәлел осы болса керек. Сыр елінің абыз ақсақалдарының бірі, марқұм Ыдырыс ата Қалиевтің бұдан 10 жыл бұрын «Әр алуан атпен шығып жатқан газет көп ғой, қалың бұқараның атын иемденген басылым – осы «Халық» газеті» деп пікір білдіргенінің өзі ел сенімін ақтауға әркез дайын ақпарат тұтқасы екендігін айқындап тұр емес пе?

«Халық» газетінің бас редакторы

Нұржан Әбжанұлының сұхбатынан үзінді

Сұхбатты толық оқимын десеңіз…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: