Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сұрмергеннің сөздік қорынан

16.06.2022, 9:40 279

– Көзің қисық болса, мылтыққа өкпелеме.

– Аңды жаралап азаптама,

Ата алмайтын адамды мазақтама!

– Арпылдауық ит аңға жарамас.

– Әр нәрсенің иесі болады,

Аңның да киесі болады.

– Аңшымын деп тым мықты,

Аспанға атпа мылтықты!

– Өзгенің өмірін ойлаңыз,

Мылтықты оқпен қоймаңыз!

– Шыққандай «культпоходқа»,

Арақ ішпе «охотта».

– Жақсы ит – сенің көмекшің,

Жақсылап бапта демекпін.

– Қоянды қуып қорлама,

Қорқағы аңның сол ғана.

– «Құрығың» жетпей түлкіге,

Қалып жүрме күлкіге…

– Киелі аң киік те,

Мүйізі үшін тиіспе!

– Кісіге мылтық кеземе!

– Аңшы итті алға жібер де,

Қоразды қалт жіберме!

– Қыран бүркіт, құмай тазы,

Аңшының жақсы ат – серігі.

Алдынан көп аң кездессе,

Қыза түсер көрігі…

Жыр-жұмбақ

Жел сөздерден жерідім,

Бар екі дос серігім.

Жабырқасам көңілдің,

Қыздыратын көрігін…

Бір испандық,

Бір қазақ,

Жаныма жақын жыр қазақ…

Талдырмаш келген тұлғасы,

Төрімде анау тұр ҚАЗАҚ.

(Домбыра, гитара)

Қазыбек   ӘШІРБЕКҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: