HALYQLINE.KZ Сыр елінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған арнайы іс-шара өткізілді.
Сыр жұртшылығы атынан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев зиялы қауым өкілдерімен бірге саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, тағзым етті.
Іс-шарада зиялы қауым өкілдері, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық жұмысшы топ өкілдері және тарихшы-ғалымдар, қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Мұнан кейін аймақ басшысы Ақмешіт-Сырдария мешітінде қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын рухына құран бағыштады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!