ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды аталған өкілдіктің баспасөз қызметі.
1 маусым – Халықаралық балалар құқығын қорғау күні қарсаңында этноауылда өткен іс-шарада облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала имамдары балаларды мейраммен құттықтап, қуанышқа бөледі.
Берекелі кеш ақ дастарқан басындағы өнегелі насихатпен басталып, шығармашылық өлеңдер оқумен өрбіді, күмбірлеген күй-термелер де төгілді. Осыдан кейін жас жеткіншіктер садақ атудан бақ сынап, атпен серуендеді. Жиын соңында 3 жас түлекке сый-сияпат тарту етілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!