Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ДДСҰ: жазда Еуропада «маймыл шешек» жұқтырғандар көбейеді

23.05.2022, 9:15 572

HALYQLINE.KZ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы жаз айларында аймақта «маймыл шешек» дертін жұқтырған науқастар көбеюі мүмкін екенін ескертті.

«Еуропада жаз маусымы басталғанда көп адам қатысатын іс-шаралар жиі болатынын ескерсек, сол кезде вирус тез тарап кете ма деп қауіптенемін», – деп мәлімдеді ДДСҰ аймақ бюросының директоры Ханс Клюге. Оның айтуынша, дерт науқаспен тығыз байланыс жасаған уақытта жұғады.

Германиядағы Роберт Кох институтының докторы Фабиан Леендерц «маймыл шешегінің» таралуын эпидемия деп атады, бірақ індет тез аяқталады деп болжады. «Қазір науқасты тез анықтап, оны оқшаулауға мүмкіндік бар. Бұған қоса, бізде қажет болған жағдайда қолданатын дәрі мен сапалы вакцина бар», – дейді Леендерц.

«Маймыл шешек» ауруымен байланысты жұқпалы ауру осыған дейін орталық және батыс Африка елдерінде ғана анықталып келген. Бірақ жуырда ол Ұлыбритания, Испания, Португалия, Италия, АҚШ, Швеция, Канада, Австралия және өзге елдерден анықталды.

Вирус приматтар және өзге де жабайы аңдардан тараған. Оған шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп, денесі ауырып, қалтырайды. Ауру ушықса, адамның денесі мен беті бөртіп кетеді.

Адам өлімі 10 жағдайдың бірінде кездеседі. Көбіне жас науқастар арасында өлім көп. Әзірге маймыл шешек ауруынан емдейтін дәрі жоқ, бірақ шешек ауруына қарсы вакцина вирустан қорғайды дейді дәрігерлер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: