Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шымшымалар…

07.05.2022, 17:00 805

HALYQLINE.KZ

Қарттар саған ұрысуды доғара бастаса, сен олардың қатарына қосыла бастадың деген сөз.

***

Салонға барып келген әйелі:

– Мен қанша жаста болып көрінемін?

-Бетің 20 жаста, қолың 25 жаста, шашың 18 жастағы болып көрінеді.

-Ах!

– Тұра тұр, қосындысы қанша болады екен табайық…

***

Билік: 2050 жылы Қазақстан өте дамыған ел болады!

Халық: Өкініштісі сіздер ол кезде болмайсыздар ғой

Билік: «Өкініштісі» емес «Себебі» деп айт!

***

Прокурорға ұқсайтын адам болады. Ал бірақ адамға ұқсайтын прокурор бола ма екен?

***

Бізде 3 таңдау бар:

– Заң бойынша өмір сүру.

– Дұрыс өмір сүру.

– Шалқып өмір сүру.

***

– Балам, мысығыңды сүйе берме, андағың өзінің артын үнемі жалап жүреді.

– Әкемді бастығының артын жалайды деп айтқаныңмен, өзің де сүйісесің емес пе

***

– Әкең қандай жұмыс істейді?

– Өте сасық жұмыс…

– Не, сантехник пе?

– Жоқ, саясаткер

***

– Мен күштік құрылымда 20 жыл қызмет еттім.

– Сіз заңгерсіз бе?

– Жоқ. Мен өсекшімін.

***

Автобусқа отырып түрегеп кетіп бара жатырмын.

***

Ұрлық жасаған адамның саусағын кесіп тастайтын болса, депутаттың дауыс беретін түймесін үстелдің үстіне емес, табанының астына орнатқан болар еді.

***

– Депутаттардың 80 пайызы олигархтардың қол-аяғы дегені рас па?

– Рас, қалған 20 пайызы олигархтарды қол-аяқ етіп алған.

***

– «Депутат пен жезөкшенің айырмашылығы жоқ» деп мазақ қылғаныңыз үшін сізді полицияға шақырып жатыр

– Сонымен ол екеуінің қайсысы мені қорлады деп шағым түсірді?

***

Адал полицейлерді адал болып қалуы үшін жемқорлық бойынша жауапқа тартпайды.

***

– Демократия қашан пайда болды?

– Құдай ең алғашқы еркекті ең алғашқы әйелге әкеліп, әйеліңді таңда деп айтқан кезде.

***

Күлкі ең жақсы ем деп айтады. Бірақ ішің өтіп жүрген кезде емес…

***

– Парламент депутаты мен памперстің (жаялықтың) ұқсастығы неде?

– Екеуін де бірдей себептермен үнемі ауыстырып отыру керек

***

– Әп-әдемі жігітсің, неге әлі күнге үйленбей жүрсің?

– Таныстырған қыздарымды анам ұнатпайды.

– Анаңға ұқсасты тауып, таныстырсаңшы.

– Онда әкем жақтырмай тыржыңдай бастайды.

***

Әлеуметтік желі пайда болуымен қатар адамдар өздерінің өмірі басқаларға қызықты және өздерін басқаларға керек екенмін деп қателесе бастады.

***

Мылқау адам алтын балықты ұстап алыпты. Ұзамай оған бір сиыр, үлкен емшек және шаңғының екі таяғы пайда болды.

***

Полиция:

– Неге үкіметке қарсы ұрандар айтып жатырсың?

– Мен жемқорлықты жояйық дедім ғой!

–  Екеуінің мағынасы бірдей ұқтың ба!

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: