Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш ауданының әкімі тағайындалды

28.04.2022, 16:00 757

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында Жалағаш ауданының жаңа әкімін таныстырды.

Жиында аймақ басшысы Шәменов Асылбек Өмірбекұлының Қызылорда қаласының әкімі лауазымына тағайындалуына байланысты Жалағаш ауданының әкімі қызметінен босатылғанын хабарлап, екі жылдан астам уақыт ішінде ауданның дамуына лайықты үлесін қосқанын атап өтті.

Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Жалағаш аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Жалағаш ауданының әкімі лауазымына Есжанов Асқарбек Темірбекұлы тағайындалды.

Аймақ басшысы жаңа әкімнің қызметініне сәттілік тіледі.

«Асқарбек Темірбекұлы – басшылық қызметтегі ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі мол, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқаратын білікті азамат.

Әр жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратында бөлім басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы, Қызылорда қалалық мәслихат аппаратының басшысы, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болған.

2021 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымында абыроймен қызмет атқарып келді.

Сондықтан, Мемлекет басшысының саясаты аясында берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, Өздеріңізбен бірге туған жері Жалағаш ауданын одан әрі дамытуға аянбай жұмыс істейтініне сенемін», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жиында сөз алған ардагерлер қауымы жаңа әкімнің қызметіне тілеулестік екенін айтып, қолдауын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: