Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

12.04.2022, 10:00 622

HALYQLINE.KZ «Облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлы тағайындалды.

Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлы Қызылорда қаласында туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай мен газ кен орындарын игеру» бөлімі, «Болашақ» университетін «Юриспруденция», Қызылорда гуманитарлык университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Казгермұнай» ЖШС геология бөлімінің инженерінің көмекшісі болып бастап, жетекші инженері, 2006-2011 жылдары «Қамқоршы» ЖШС директорының кадр жөніндегі орынбасары болған.

2011-2019 жылдары «Азамат» ЖШС директорының құрылыс жөніндегі орынбасары.

2019-2020 жылдары «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі (кадр жұмысы) бөлімінің бөлім басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2020 жылдан бастап Белкөл кентінің әкімі лауазымын атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: