Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласына НЛО келді

01.04.2022, 16:50 1239

«Бүгін редакциямызға Қызылорда қаласының тұрғыны Асқар Ахметов телефон шалып, кеше кешкісін Сырдарияның жағасында серуендеп жүргенде, аспанда белгісіз ұшатын күміс түстес ерекше затты көргенін айтты» деп хабарлайды kzvesti.kz сайтының тілшісі.

Асқардың айтуынша, тылсым нәрсе НЛО екен. Ол бірқалыпты, дыбыссыз қозғалған.  Сырдарияның сол жағалауынан өткен «табақша» су электр кешеніне қарай бет алып, әрі қарай ұшып, көп ұзамай көзден ғайып болыпты. НЛО ғылыми-фантастикалық фильмдердегі белгісіз ұшатын нысандар сияқты болған. Жігіт НЛО қайтадан қайтып келіп, жақынырақ ұшады деп үміттеніпті. Алайда қайта оралмаған.

Жас жігіттің бұл көрініске таңғалғаны сонша, түнгі ұйқысын төрт бөліп, тыпыршып жата алмапты. Оның пайымдауынша, эволюция бойынша жер шарынан әлдеқайда жоғарғы деңгейде дамыған әртүрлі жаратылыстар бар.

Дегенмен көптің көкейінде сан сауал бар екені анық. Олар қай планетадан, экипажда қанша адам болды, олар неше жаста, есімі кім, немен қоректенеді? Өзге ғаламшардағы тылсым дүниелер біздің планетамызға қандай мақсатпен келді және Қызылордаға не үшін келгені де белгісіз. НЛО біздің өңірде әлі де болса, қызылордалықтардың бірі оларды қайта көруі әбден мүмкін. Егер өңірден ұзап кетсе, Асқарға тек қызғанышпен қарауға болады, өйткені ол НЛО-ны көрді.

Айта кету керек, Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те кезекті сұхбатында НЛО көргенін айтқан болатын. «Мен далада жүргенмін. Жап-жарық жұлдызды көрдім. Сағат таңғы 6 кезі болды. Қыстыгүні сол «жұлдыз» айдап маған келді. Жалғыз өзім көргеннен кейін оны біреуге айтсаң, ертегі сияқты. Қасымда 4 жігіт болған. Соның үшеуін ояттым. Үшеуі қарады. Бізге келді (НЛО), содан кейін тез бұрылып кетіп қалды» деді. Жалпы, әлемде бүгінге дейін анықталмаған ғажайыптар жетерлік. Дей тұрғанымен, құрметті оқырман, сіз аталмыш ғажайыпқа сенесіз бе?

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: