Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астарлы анықтама

31.03.2022, 10:40 310

«Баспалдақтан» тайып кетті,

Басқаны оған айыпты етті…

Бәлеқор ма, қалай?!

Болғанымен қолдау күшті,

«Орындықтан құлап», оңбай түсті.

Осал біреу де, өзінен көрсін!

Өскесін тастап «таяқты»,

Өзінше басты аяқты…

Тіреуішке қашанғы арқа сүйейді?!

Төбеден ұрған «тоқпақты»,

Төрелік айтып, тоқтатты.

Әйтпесе…

Құрылған «қақпан» тісті еді,

Бірақ, қақпанға «қасқыр» түспеді.

Әккі арлан-ау шамасы.

«Су ішкен құдығын ластады»,

Қайтып оралды, қыр аспады.

Арсыз екен-ау.

«Торг» туралы  толғаныс

Бұрын болған копторг,

Тупиктерде топторг.

Асқар ақын айтқандай,

Солардағы тұлғалар,

Болатын-ды топ-толық.

Бүгінде тым көп торг,

Жемторг пен емторг.

Домторг пен земторг,

Буторг пен нуторг.

Суторг пен уторг,

Көлторг пен шөлторг.

Төрт түлік пен төлторг,

Нарықта нет нөл торг.

Бәрін айт та,

Бірін айт.

Жүрекке тиер оқ болып,

Күйдіретін шоқ болып.

Адам мен Ар саудасы,

Жойылса екен жоқ болып!

Қазыбек  ӘШІРБЕКҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: