Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов онлайн-брифинг барысында Қазақстан үкіметі сыртқы нарықтардан шамамен 3 миллиард доллар қарыз алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Дәл қазір жер жүзін жайлап ғана жайпап бара жатқан жұқпалы індет мемлекеттік басты капиталы саналатын әр адамның денсаулығын құртқанымен қоймай, экономикаға да залал келтіруде. Көрер көз бен естір құлақ нарық бағасының күнделікті шарықтап бара жатқанының куәгері. Еркіне кеткен бағаны ауыздықтайтын шама да жоқ, қауқар да қалмады. Не істемек керек?
– Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет. Оның ішінде біз 3 млрд АҚШ долларын шетелдік капитал нарықтарынан қарызға алуды жоспарлап отырмыз, – деді ол.
Бұған дейін ол дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 трлн теңге көлемінде шығын жұмсалатынын айтқан. Оның 2,5 триллион теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен және 3,5 трлн теңгеге жуық қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді деген ақпарат берген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!