Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, мәселесін тыңдады

23.02.2022, 17:16 648

HALYQLINE.KZ  Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова кезектілік тәртібімен азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Облыс әкімінің жеке қабылдауында 15 азаматтың өтініші қаралды.

Тұрғындардың мәселелерін зерделеу үшін жиынға жауапты басқарма басшылары, Қызылорда қаласы мен бірқатар аудан әкімдері қатысты.

Азаматтардың негізгі сауалдарының бағыты әлеуметтік мәселелерден туындады. Мәселен, 11 сұрақ тұрғын үй кезегіне бағытталды. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек қарастыру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке қолдау мен мәдениет бағыты бойынша үйірмелер ашу мәселелері де қаралды.

Аймақ басшысы тұрғын үй кезек тізімі бойынша берілетінін және биылғы жылы 1000 астам баспананы табыстау жоспарда тұрғанын жеткізді. Басқа көтерілген сұрақтар бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, заң аясында шұғыл жұмыс істеу қажет екенін айтты.

Айта кету керек, аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова әр айдың соңында кезекке сәйкес азаматтарға арналған жеке қабылдау өткізіп келеді. Өткен жылы облыс әкімі 135 тұрғынды қабылдаса, биылғы жылдың екі айында 40-қа жуық азаматтың сұрақтарына жауап берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: