Жаңа жыл қарсаңында балауса қылқан ағаш түрлерін заңсыз кесудің, дайындаудың, тасымалдаудың және сатудың жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 17-і күні жедел профилактикалық іс-шара қолға алынды. Жалпы, жыл аяғына дейін жалғасатын іс-шара барысында түрлі бекетте, базарлар мен басқа да жерлерде қылқан ағаш түрлерін рұқсат құжаттарсыз тасымалдау және сатудың әрбір фактісі бойынша қарсы тексерістер жүргізу, оларды сатып алу, сату, қайта сату, дайындау көздерін анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Осыған орай Қызылорда станциясындағы теміржол вокзалдарында, перронында және жолаушылар поездарында аталға ағаш түрлерін тасымалдау және сату заңдылығының мәніне бақылау күшейтіліп, теміржол вокзалы қызметкерлері мен дүңгіршек сатушыларына жоғарыда аталған іс-шара бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Н.Қыдырәліұлы,
Қызылорда ст.ЖПб ӘПб АҚҚАБт инспекторы, полиция майоры
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!