HALYQLINE.KZ 29 қарашада Қызылорда қаласында жеңіл көлік дарияға суға түсіп кетті.
Оқиға облыс орталығындағы «Рисмаш» аумағында түнгі сағат 03:54 шамасында болған. Облыс төтенше жағдайлар департаментіне келіп түскен хабарламада дарияға «Daewoo Nexia» автокөлік түсіп кеткені айтылған.
«Көліктің ішінде екі адам болған. Оның біреуі – 1994 жылғы азамат өз күшімен жағаға шыққан. Сол жастағы тағы бір азамат көліктің ішінде қалып қойған. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техникамен 5 адам барды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Ведомство мәліметінше, құтқарушылар 04.20-да суасты іздестіру жұмыстарын бастады. Әзірге нәтиже жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!