Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақиқат ертегі

25.11.2021, 10:00 537

Бір орманда Қоянның жұмысын Аю істеп тұрыпты. Қалайша дейсің бе?

Орманға Аю қажет болғанымен, бос тұрған жалғыз жұмыс орны Қоян­ға тиесілі екен. Сонымен, Аю жұмысқа орналасу үшін амалсыздан Қоянның жұмысын алып, Аю тәрізді жұмыс істеп, бірақ Қоян ретінде жал­ақы алуға келісім беріпті. Байғұс, жұмыс­ты да жан-тәнімен беріліп істейді екен.

Бір күні ол орманда Аюдың орнында Қоянның жұмыс істеп жүргенін естіп біледі. Мұны білген Аю қатты ашуланыпты.

Неліктен Қоян Аюдың жұмысын істеп жалақысын алып жүр деп ренжіген ол Орман шаруашылығының Бас кеңесіне шағымданса керек. Арыз бойынша тергеу-тексеру жүргізіліпті.

Тексеру комиссиясының тобы деп тұтасымен айбынды Арыстандар табыны келіпті.

Олар Аю мен Қоянды да жауап алуға шақыр­ды:

– Сіз осы жердің Аюысыз ба? – деп Қояннан сұрайды.

– Иә, мен осында Аюмын, – деді Қоян ойланбастан жауап беріп, қызметтік куәлігін көрсетеді.

– Солай екен! – деп куәлікті көрген комиссия бас изеді.

– Жоқ, мен нағыз Аюмын ғой, – деп қоңыр аю қапала­нып бақырады.

– Қане, құжаттарыңды көрсет, – деп, құжатты алып тексергеннен кейін комиссия басын шайқап былай дейді:

– Аю, саған осылай айтысудың қажеті жоқ. Құжаттар сенің Аю емес, Қоян екеніңді дәлелдеп тұр.

Осындай оқиға болған еді.

Сонымен, бұл оқиғадан алатын сабақ қандай? Оның несі сабақ дейсің, тексеру комиссиясында барлық Арыс­тандардың орнына тек Есектер бекітіліп келген болатын.

Аркадий  Райкин

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: