Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өтірік «Шәмші»

24.10.2021, 9:00 322

HALYQLINE.KZ Бір заманда өтірік «Шәмшілер» көбейіп, атын пайдаланғандар аз болмаған. Бірде сыраханада Шәмші Қалдаяқов пен Әбілахат Еспаев тұрса, бір бейтаныс жігіт кеп:

— Мен Шәмші Қалдаяқовпын! — деп өзін таныстырыпты.

Екі дос не дерін білмей, бір-біріне қарапты. Сосын Әбекең:

— Мен Әбілахат Еспаевпын!

Ал Шәкең:

— Академик Ахмет Жұбановпын! — деп танысады.

Әлгі жігіт кеткесін Әбекең:

— Өлген кісінің атын айтып, өтірік танысқаның ұят емес пе? — дейді.

Сонда Шәмші:

— Ұялса ана жігіт ұялсын. Ол тіріні өлтірді, ал мен өліні тірілттім! — депті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: