Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рух өлген тұстан рухани тәуелдiлік басталады

23.10.2021, 9:00 323

HALYQLINE.KZ Ұлттың, тұлғаның, таланттың, әр пенденiң рухы – қасиеттi. Одан асқан асқақ және мәңгiлiк күш жоқ. Дүниенiң тұтқасы да сол рух. Рух өлген тұстан рухани тәуелдiлік басталады.

Ал рух телмірген, телiнген сәттен бастап адамзат – ақыл-парасатты дербес шешiмiнен, ұлт – тәуелсiздiгiнен, тұлға – дара ойлау жүйесiнен, талант – танымнан, адам – ар-ождан бостандығынан айырылады. Рухсыз – Алланың қолындағы аманатқа берген жаныңның өзi кеудеңе қонақ таппайды, яғни, рухыңның өзі күштiнiң шеңгелiне iлiнедi.

Рух еркiндiгiнiң көрiнiсi – рухани мәдениет, өнер, әдебиет. Ал рухани мәдениет еркiндiгiнен айырылған ұлт пен талант – жаны кеудесiнен суырылып алынған, сүлдесін сүйретіп, жанын жалдап күн көрген кебiн иесінің кебін киеді. Ерік-жігерсіз сүлде иесі жанын сатып, жалдамалы күн кешiп, күшті мен «күштi өкiметтiң» (Шәкәрім) аса қауiптi жазалау құралына айналады.

Қадым заманнан берi ешқандай мемлекет пен жаhангердiң ашықтан-ашық жүзеге асыруға дәрменi мен пәрменi жетпеген мәңгүрттiк жазалау тәсiлiн кеңес өкiметi қысылып-қымтырылмастан-ақ «iске қосты». Мiне, бұл ұлт пен ұлыстың, тұлға мен таланттың, тобыр мен жеке адамның жаппай басыбайлануының басы, мәңгүрттiк дәуiрдiң қарсаңы едi…

Т.Жұртбай «Ұраным Алаш» 3 кітап

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: