Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының үшінші күнінде ел қоржынына үшінші медаль түсті. Ауыр атлетикадан 55 килоға дейінгі салмақта өнер көрсететін Зульфия Чиншанло қола медальға ие болды
Қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеру сайысында 90 келіні көтерді. Бұл жалпы есептік көрсеткіш бойынша бар болғаны 6-шы орын еді. Десе де, жерлесіміз сайыстың екінші жартысында сәтті өнер көрсете білді.
Зульфия серпе көтеру сайысында 123 келіні еңсеріп, қос жаттығу нәтижесі бойынша 213 келіні бағындырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!