Күн сайын 20 минутыңды бөліп, өзіңе ұнамайтын немесе білмейтін нәрселерге 20 минут сабыр сақтау арқылы:
біріншіден, өзіңді жеңуге,
екіншіден, жалқаулықтан арылуға,
үшіншіден, қалағаныңға жол ашуға түрткі болатын керемет мүмкіндік табасың.
– 20 минутыңды спортпен айналысуға бөл. Денсаулығыңа алаңдамайсың.
– 20 минутыңды үйіңді жинап, тазалауға бөл. Әрдайым ретті, тәртіпті боласың.
– 20 минутыңды бар назарыңды бір нәрсенің мағынасын табуға, ойлануға бөл. Жасампаз боласың.
– 20 минутыңды әйеліңді, немесе күйеуіңді тыңдауға бөл. Қарым-қатынаста ешқандай алаңдау болмайды.
– 20 минутыңды өзіңізді тыңдауға, өзіңді тануға, күнделік, немесе жеке жазбалар жазуға жұмсай біл. Жаңа идеялар ағылады.
– 20 минутыңды кірісіңді көбейту жолын табуға арна. Қаржылық проблемалар болмайды.
– 20 минутыңды кітап оқуға жұмса. Жетістікке жетелейді.
– 20 минутыңды демалуға жұмса. Шаршамайсың.
Үнемі кезекті мәселені кейінге қалдырып жүретін әдетің болса, 20 минут сол әдетті бұзып қана қоймай, сенің жетістікке жету мүмкіндігіңді күрт арттырады. Ең бастысы, бұл әдіске сену керек! Міндетті түрде сынап көр.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!