Журналистің жазғаны – керім,
Жегені – желім.
***
Депутат дауыс жинарда шынығады,
Мәжіліс отырысында тынығады.
***
Депутатты «сайрай бер» деп дауға қой,
Министрді «сата бер» деп малға қой,
Ал халықты қару беріп жауға қой!
***
Үш рет депутат болсаң да,
Халықтың қарызынан құтыла алмайсың.
***
Үкіметке халықтан
Cалық қымбат.
***
Қазы да қазы жегісі келеді.
***
Марапаты мен шарапаты жоқ
Басшыдан без.
***
Ене – келіннің кейпін көрсететін айна.
***
Офисте оймен ою оймаса да,
Мәжілісте сөзбен сызу сызады.
***
Мастың «тіліне» полиция түсінеді.
***
МАИ-дың тоқтатқанынан,
Дәметкені – қызық.
***
Бір полиция екі парақорға татиды.
***
Қатын түнде жаман емес,
Күндіз жаман.
***
Ашу – тапанша,
Ақыл – доллар.
***
Демеуші болмаған фирмадан,
Қаңырап тұрған ферма артық.
***
Ұл өсірме, қыз өсір,
Қалыңмалы оның көл-көсір.
***
МАИ инспекторының азығы – жолда.
***
Әп-әдемі-ақ қыз еді,
Негрге тиіп қор болды.
***
Өлген кезінде бәрі жақсы,
Жаман адам қайдан шығады?
***
Біреудің байы біреуге,
Тауар артқан КамАЗ-дай көрінеді.
Біреудің әйелі біреуге,
Мерседестей сылаңдайды.
***
Алтыннан салған тісің түспесін,
Ішкі істер бөліміне ісің түспесін.
***
Әйелдің бажылдасқаны – ақылдасқаны.
***
Аңдамай сөйлеген косякқа кіреді.
***
Жақсы қатын тамақ берер сорпасымен,
Жаман қатын қабақ берер мордасымен.
***
Паханын көріп тиіп ал,
Маханын сразу тыйып ал.
***
Өз әйелің ұрыспаққа жақсы.
***
Ұрығың қисық болса,
Ұлыңа өкпелеме.
***
Әйелінің аузы жыбырласа,
Күйеуінің қолы қимылдайды.
***
Қатын байыса,
Байын ұрады.
***
Біздің сотта туған көп,
Туғанды сотта иман жоқ.
***
Тіл – өсекші,
Көз – стукач.
***
Жұмаққа жетелеген тіл,
Тамұққа да тартар.
***
Жезөкшенің желінінен
Бәйбішенің бөксесі артық.
***
Бастық байлығын білдірмес,
Елге қарап қол жаяр.
***
Бастықтың «жаманы» жоқ,
Дегенмен, жел сөзден аманы жоқ.
***
Жезөкше – еркектердің ортақ қазынасы.
Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!