HALYQLINE.KZ Бірде Кенесары хан тағамдардың сапасын және бағасын білу үшін киімін өзгертіп, базарға шығады. Бір дүкенге кіріп, сатушыға:
– Маған жарты келі тары, жарты келі жарма және жарты келі май беріңіз, – дейді.
Сатушы жарты келі май өлшеп, ақшасын есептеп болғаннан кейін:
– Аға, сұрағандарыңыздың қалғанын көршімнен алыңыз. Өйткені, оның заттары жақсырақ әрі көршім әлі ештеңе сатқан жоқ, – дейді.
Сонда хан екінші дүкенге кіріп, ол жерде жарты келі жарма алған соң, сатушы оған:
– Аллаға шүкір, аға, мен бүгін саудамды бастадым, балаларымның жейтін тамағының ақшасын таптым, ал көршім әлі ештеңе сатқан жоқ, жарты келі тарыны содан алыңыз, – дейді.
Сонда Кенесары хан:
«Қазақ халқы осындай көркем мінезімен дүние жүзін өзіне қаратады: Халықтың осы таза кісілік қасиетін бұзған адамға Алланың қаһары жаусын», – деген екен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!