Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақтың ырымы мен тыйымы

17.04.2021, 14:00 838

HALYQLINE.KZ

— Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.

— Қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық, болбыр, икемсіз болып өседі.

— Баланы бесікке саларда ешкім сөйлемейді. Егер біреу сөйлеп қойса, бала жылауық, өскенде өсекші болады.

— Сәби шалқасынан жатып башайын тістесе, оны «үйірін шақырып жатыр» деп ырымдайды. Яғни, оның соңынан тағы бір бала келеді деген ұғым бар.

— Сәбидің қырқынан шыққанда қарын шашын алмаса қарғысы қатты болады.

— Балаға қарғыс өтпеу үшін оны үш кемпірдің бұтынан өткізіп алады.

— Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса – үйге береке, ырыс, байлық келеді. Оны төрге апарып үш рет аунатады.

— Жүкті әйел шашын кессе – іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.

— Сәби шалқасынан жатып ұйықтаса – елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса- уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса ойшыл болады.

— Балаға асық етін мүжітпейді. «Алты жыл аш болсаң да, асық етін мүжіме» деген бар.

— «Бойы өспей қалады» деп жас балаға бұғана ұстатпайды.

— Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.

— Есіктің тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетін, екі алақанын, екі табанын жуса тәуір болып кетеді.

— Қалы үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыгүл, Қалдыбай» деп ат қояды.

— Әйел итке тас лақтырса – үйдің ырысы кетеді, әйелдің бағы қайтады.

— Аты сүріншек болады деп балаға төстің сүріншегін жегізбейді.

— Жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.

— Келін атасы мен енесінің төсегіне отырмайды.

— Толғағы қатты болады деп екіқабат келіншекке толарсақ жегізбейді.

— Жас босанған әйел 40 күнге дейін қолын суық суға малса – баласы тасбауыр болады.

— Бөбек мезгілінде еңбектемесе – оның бауырынан тағам толы табақ өткізеді, сонда тез еңбектеп кетеді.

— Сәбидің тілі мезгілінде шықпаса – нағашысының үйіне апарып, бір қойды сойдырып, соның көтеншегімен буындырады…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: