Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналистер «жасалаштықтармен» жүздесті

26.03.2021, 16:00 957

HALYQLINE.KZ

Биыл – «Жас Алашқа» 100 жыл. Иә, жүз жасаған басылым жайлы біраз нәрсе айтуға және жазуға болады. «Көкте – Күн, жерде – «Жас Алаш». Бұл республикалық қоғамдық-саяси газеттің ұраны іспеттес. Жастардың қолдаушысы Ғани Мұратбаев өзі атын қойын, алғашқы нөмірін шығарған басылымды кейіннен Сейдахмет Бердіқұлов, Шерхан Мұртаза, Нұртөре Жүсіп, Жүсіпбек Қорғасбек, Рысбек Сәрсенбай, т.б. басқарды. Ғасырлық тарихы бар «Жас Алаш» газеті жұмысын 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында бастаған. Осы уақыт аралығында газеттен түлеп ұшқан тастүлектердің санынан жаңыласыз. Бүгінде олардың әрқайсысы өз саласы бойынша қызмет жасап, «Жас Алаштың» туын жықпай жүр.

Республикалық «Жас Алаш» газетінің 100 жылдығына орай басылымның бас редакторы Қайрат Мәтіреков, саясаттанушы Дос Көшім, газеттің жауапты хатшысы Нұрымжан Мауытов және газеттің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Миуа Байназарова жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде қонақта болды.

Айтпақшы, іссапардың Сыр елінен басталғаны тегіннен-тегін емес. Жоғарыда жазғанымыздай, газеттің іргетасын қалаған Ғани Мұратбаев – Қызылорданың тумасы. Әрі газетке деген қызылордалық оқырмандардың көңілі ерекше екені рас.

Жиынға «Сыр Медиа» ЖШС-на қарасты газет редакторлары, журналистері, өңірден шығатын тәуелсіз басылымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Сөз кезегін алған қоғам қайраткері, саясаткер Д.Көшім, басылымның бас редакторы Қ.Мәтіреков, «Жас Алаш» газетінің тарихына тоқталып, бірқатар тақырыптарда әңгіме өрбітті.

Мұнан кейін «Сыр Медиа» ЖШС директоры Аманжол Оңғарбаев, ардагер-журналист Жолдасбек Ақсақалов, «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі, ақын Дүйсенбек Аяшұлы, «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы сөз алып, газет төңірегіндегі ой-пікірімен бөлісіп, өз ұсынысын айтты.

Суреттерді түсірген Нұрболат Нұржаубай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: