HALYQLINE.KZ Қазалы ауданында өткен жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында 42 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 150 орындық ауылдық клуб салынып, 1 ауылға газ тартылды. Одан бөлек, Бекарыстан би ауылында тұрғын үйлердің ауызсуы сервистік желіге қосылып, 10 көше асфальтталып, жарықтандырылды.
Бүгінде Ғани Мұратбаев ауылына табиғи газ жеткізіліп, Қазалы қаласын газдандыру жұмыстары басталып кетті.
– Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен бөлек Қазалы қаласы мен елді мекендерді де газдандыру мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Енді аудан орталығына жақын елді мекендерді де газдандыруды жалғастырамыз. Жалаңтөс батыр, Қашақбай Пірімов және Басықара ауылдарын газдандыру үшін 22,6 млн теңге бөліп, жобасын әзірлеп жатырмыз. Амандық болса, тиісті қаржылары бөлінсе, маусым-шілде айларында құрылыс жұмыстарын бастап кетеміз, – деді Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!