Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қонақ қалай ұрлықшыға айналды?

04.03.2021, 15:00 582

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаменті Қармақшы аудандық полиция бөліміне 3 ақпан күні аудан тұрғыны үйінен белгісіз біреулермен жарты миллион ақшасын ұрлап кеткені туралы арызданған.

Аудандық тәртіп сақшыларының жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында үйіне қонақа келген танысы үй иесінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, түнде шкаф ішінен ақшасын ұрлаған 1989 жылы туған күдікті азаматшаны анықтады. Ол көрші ауылдан келген.

Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: