Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еңбек ардагерінің мерейтойы өтті

25.10.2026, 12:07 70

Жаңақорған ауданы “Руханият” орталығында Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, Еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Әсет Шоманұлының 85 жас мерейтойына арналған «Еңбекпен есейген ғұмыр – ел жадындағы өнегелі жол» атты тағылымды конференция өтті.

Тағылымды басқосуға аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев төрағалық етті. Жиынға облыс әкімінің кеңесшісі Руслан Рүстемов, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Аманшаев, облысымыздың бірқатар ардагерлері мен қоғам қайраткерлері, ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мерейтой иесіне аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевтың құттықтау хатын облыс әкімінің кеңесшісі Руслан Рүстемов табыстап, сый-құрметі көрсетті. Сондай-ақ аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбекұлының арнайы құттықтауы мен Әсет Шоманұлына «Жаңақорған ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.

Салтанатты жиында қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Ибрагим Абибуллаев, өлкетанушы, бабалар тарихына арналған бірнеше кітаптың авторы Ермағанбет Төреқожаев, «Құрмет» орденінің иегері Әсет Жиенқожаев сөз сөйлеп, мерейтой иесінің азаматтық болмысы мен ел игілігі жолындағы еңбегіне тоқталды.

Сонымен қатар аудан ардагерлері Өмірсерік Тақырбасов, Әбутәліп Сүйіндіков және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, академик, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Аманшаев мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдіріп, Әсет Шоманұлының өмір жолы мен өнегелі қызметі жөнінде ой бөлісті.

Әсет Шоманұлы ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында абыройлы еңбек етіп, жауапты басшылық қызметтерде тәжірибесімен танылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Оның ширек ғасырға жуық уақытты қамтыған еңбек жолы елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: