Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Патша мен иттің түсінігі

14.02.2021, 16:00 772

HALYQLINE.KZ Ертеде бір патшаның жабайы иттері болған көрінеді. Ол иттерді баптап бағатын арнайы адам ұстапты. Өзіне қиянат жасаған немесе дұрыс пікір айтпаған қызметшілерін сол иттерге талатып, иттің жемі етеді екен.

Бір күні уәзірі патшаға бір ұсыныс айтады. Патшаға ұсынысы ұнамайды. Патша қатты ашуланып уәзірді иттерге тастауды бұйырады. Сол кезде уәзір патшаға: «Мен сізге он жыл бойы адал қызмет еттім, енді маған берген сиыңыз осы ма?» дейді.

Патша әмірін өзгертпейді. Бұны түсінген уәзір патшаға: «Олай болса маған он күн мұрсат беріңіз, сосын мені иттеріңізге жем етерсіз» деп өтініш қылады. Патша уәзірге он күн уақыт береді. Рұқсат алған уәзір дереу патшаның иттерін қарайтын қызметшіге барып: «Маған рұқсат бер, бүгіннен бастап иттерді мен бағайын. Өмірімнің соңында бұл иттерге қызмет жасайын» дейді. Қызметші себебін сұраған екен. Уәзір кейін айтамын депті.

Сөйтіп уәзір иттердің тамағын беріп, жуындырып және үйшіктерін тазалап иттерге қызмет жасауды бастайды.

Он күн өткеннен кейін Патшаның әмірін жүзеге асыру үшін уәзірді әлгі иттердің алдына лақтырады. Бірақта иттер уәзірге тиіспейді. Қайтаға уәзірді қорғаштап патшаға қарсы үре бастайды. Бұл жағдайға куәгер болған Патша таңданып уәзірге: «Сен бұларға не істедің?» дейді. Сол сәтте уәзір: «Мен бұл хайуандарға он күн қызмет жасадым. Сол он күндік қызметімді ұмытпады. Ал сіз болсаңыз он жылдық қызметімді бір сәтте ұмыттыңыз» депті.

Кеш те болса қателігін түсінген патша уәзірді кешірген екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: