Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім беру ұйымдары вертикалды басқару жүйесіне өтті

09.02.2021, 11:00 930

HALYQLINE.KZ Облыстағы барлық білім беру ұйымдары вертикалды басқару жүйесіне көшірілді. Бұған дейін жергілікті әкімдікке қарап келген колледж, мектеп пен балабақшаларды облыстық білім басқармасы қаржыландырып, басқаратын болады. Яғни, вертикалды басқару жүйесі арқылы білім басқармасына 28 жаңа функция қосылып отыр.

Жалпы, аймақта 301 мектеп бар. Оның 293-і мемлекеттік болса, 8-і – жеке. Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымының саны – 665. Оның 161-і – мемлекеттік, 414-і – жеке және 90 шағын орталық бар.

– Вертикалды басқару жүйесіне өтуге байланысты білім ұйымдарындағы есеп және жоспарлау бөлімдерін автоматтандыру жұмыстары жүргізілді. Барлық білім ұйымдары аталған бағдарламаны мемлекеттік сатып алу жоспарларына енгізіп, келісімшартқа отырды, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Ақылы түрде өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге өңірден 5832-і оқушы қатысты. Сынақ сегіз тестілеу пунктінде өткізілді. ҰБТ қорытындысы бойынша 409 оқушы 100 баллдан жоғары жинаса, 815-і шекті ұпайды жинай алмаған. Ең жоғарғы ұпайды Қазалы ауданының түлегі жинады. Бұл сынақ нәтижесі тек ақылы ұлттық тестке ғана жарамды.

Пікірлер:
  • Вертикалды басқару жүйесіне көшкен екен. Аудандардағы мемлекеттік балабақша қызметкерлерінің айлық жалақы алатын қаржысы облыстан бөлінеді ме, әлде аудандық бюджеттен бе?

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: