Шартты түрде бас бостандығынан айрылған және мерзімінен бұрын босап шыққан сотталушылардың қайта қылмыс жасауын болдырмау үшін алдын алу шараларын үздіксіз жүргізу қажет. Осы мақсатта Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Д.Катаев жұмыс сапарымен аудандарды аралап, пробациялық бақылаудағы азаматтардың жағдайымен танысты. Бұл туралы Қызылорда облысының прокуратурасы хабарлады.
Алдымен полиция және пробация бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, есептегі азаматтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу үшін нақты іс жоспарларды бекітті. Мәселен, оларды жұмысқа орналастыру, кәсіп ашуға мүмкіндік жасау, ем қабылдау, психологиялық, әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктерін үйлестіру қажеттігі баса айтылды.
Одан соң пробациялық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайына барып, жағдайларымен танысып, аудандардағы пробация бөлімінің қызметкерлеріне есептегі азаматтарды үнемі бақылауда ұстап, қажетті көмек көрсету шараларын жүргізу жөнінде тапсырма жүктеді.
Қазіргі күні Қызылорда облысы бойынша 1042 азамат пробациялық бақылауда. Оның ішінде шартты жазаға – 136, жаза орындалуы кейінге қалдырылған – 39, бас бостандығынан шектеу – 672, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған – 176 және 3-еуі – қоғамдық жұмысқа тарту жазасына сотталғандар.
Өткен жылы жергілікті әкімдіктермен бекітілген квота бойынша 73 сотталған, жол картасы бойынша 95 сотталған жұмыспен қамтылып, есептегі сотталғандармен жасалған қайта қылмыстар төмендеді.
Сонымен қатар қылмыстық айыппұл өндіру тиімділігі 96%-ке жетті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!