Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күнәнің емі

30.01.2021, 17:00 1097

HALYQLINE.KZ

Бірде әулие Баязит Бистами жындыхананың жанынан өтті. Бір дәрігердің алдындағы келіні түйгіштеп жатқанын көріп, мұның мәнісін сұрады. Дәрігер:

– Жындыларға дәрі дайындап отырмын, – деді.

– Менің ауруыма да дәрі табылар ма екен? – деді әулие. Ол

– Ауруың қандай еді? –деді.

– Күнә ауруы. Егер дауасын білсең, жолын айт, – деп еді, ол:

– Жоқ, күнә ауруларының емін білмеймін, – деді.

Сонда қоршалған тордың арғы жағынан бір жынды Баязит Бистамиге:

– Ата, келіңіз, сіздің ауруыңыздың емін мен білем, – деді. Ол:

– Қане, айта ғой. Құлағым сенде, – деді.

Сонда әлгі жынды:

– Он грамм тәубе тамыры мен он грамм истиғфар жапырағын алыңыз. Бұларды жүрек келісіне салып, тәухид келісабымен түйіңіз. Ынсап елегінен өткіз. Көз жасыңмен илеңіз. Сосын ғашықтық тандырында пісіріңіз. Осы нәрседен әр күні бес қасық ішсеңіз, ауруыңыздан айығасыз, – дейді.

Жындының бұл сөзін тыңдап болған Баязит Бистами терең бір дем алып:

-Ах, жалған дүние! Сені жынды деп, жындыхананың торына қамағандар ұялмай ма екен?! – деді.

«Рахмет самалы»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: