Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жанынан арын биік қойған азамат

30.01.2021, 10:00 496

HALYQLINE.KZ «Жанымды алсаң да, арымды алма» деген қағиданы берік ұстанған, әділет капитаны Досанов Мақсат Нақбергенұлы ЗК-169/1 мекемесінің РжКБ-нің бастығының орынбасары болып жұмыс істейді. Жанын арынан жоғары қоятын ҚАЖ қызметкері сөзі мен де, ісі мен де, үлгі алуға тұрарлық тұлға.

Мақсат, бала жастан әдебиетке жақын болып, рухани жан дүние байлығына аса мән беріп, ұлтымыздың ұлықты ұлы Б.Момышұлының шығармаларын оқып, әскери салада жұмыс істеуді армандап өсті. Арманын арқалаған жас, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің заңтану бөліміне оқуға түсті. Университетте жүргенде, қоғамдық жұмысқа қатысып, белсенді студенттердің бірі болды. 2007-2008 жылдары аралығында әскерге шақырылып, еліміздің Әуе қорғаныс күштері қатарында Отан алдындағы парызын өтеп келді. Темірдей қатаң тәртіптік өмірдің шет жағасын көрген жігіт 2009 жылы Қызылорда қаласы Ішкі істер Полиция басқармасының полиция батальонында жұмысқа тұрып, полиция сержанты атанды. Өзі қалап келген мамандық иесі, қызметіне бар пейілін сала кірісті. Ел тыныштығының күзетшісі, мемлекет қорғаны, азаматтардың құқықтарын қорғаушысы екенін терең сезініп, жүктелген міндетті адал атқаруға тырысты. Соның нәтежиесінде, 2012 жылы «Үздік полиция» атағын иеленді. Ең үздік қылмыс ашқаны үшін грамотасымен марапатталды.

2013 жылы ЗК-169/1 мекемесіне РжКБ-нің бақылаушысы, аға сержанты болып ауысты. Сол уақыттан бері тергеу изоляторының темірдей қатаң тәртібіне төтеп беріп, өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып келеді. Бүгінгі таңдағы РжКБ-нің орынбасары ретіндегі міндеті, кестеге сәйкес тінту жұмыстарын ұйымдастырып, тәртіп бұзушыларды жеке қабылдап, қажетті жұмыстар жүргізу. Төңірегіне сақтықпен қарап, қырағылық танытып жүреді. Бірде мекеме периметірінің сыртқы аумағын аралау барысында, 2 дана сырты скочпен оралған қатты заттың жатқандығын байқады. Нұсқаулыққа сәйкес, алдымен кезекшіге табылған күдікті зат бойынша бірден баяндады. Одан соң, кезекшілер 102 нөмеріне хабарласып, Қызылорда ҚПБ жедел тергеу тобын шақырды. Жедел келген жедел тергеу тобы, зат табылған жерді қоршап, куәгердің көзінше ашып тексерді.

Тексеру барысында алғашқы орамадан, 5 дана ұялы телефон тәркіленді. Ал, екінші орамадағы заттан, газет парағының сыртынан түссіз жапсырмалы жолақпен оралып желімделген ораманың ішіндегі қанық жасыл түсті зат бар екені анықталды. Зерттеу нәтежиесінде, айғақ зат ретінде алынған түссіз пластмасс ыдыстың (шприцтің) ішіне салынған қоңыр және қою жасыл түсті өсімдік тектес кептірілген марихуанна мен темекі қоспасы болып шықты.

Анықталған дерек бойынша іс қозғалып, мекеменің жедел іздестіру қызметкерлеріне тапсырылған болатын.

Бұл кейіпкеріміз жұмыста жауапкершілігі зор қызметкер болса, өмірде адамгершілік қасиеттері басым, қамқорлық жасауға дайын тұрар азамат. Бірде ол дүкенде маскүнем әкенің спирттік ішімдік алып, қасындағы 6 жастағы баласына ойыншық алуға ақшасын қимай тұрғанын көріп, балаға өз қаражатынан ойышық алып бергенін, әріптестерінен естіп білдік.

Ұжымда да, мекеме тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып жүреді. Қазақ ақындарының қара өлеңін мәнерлеп оқиды. 2015 жылы ІІМ қарасты мекемелер арасында өтетін «Парасатты полиция» конкурсында 2-орынға ие болды.

Мақсат Павлодар қаласындағы ҚР ІІМ-нің оқу орталығының кәсіби даярлық курсына барып, кәсіби біліктілігін артырып келді. Жұмыс орнына оралған соң, курс барысында алған білімі, ҚАЖ саласына енгізілген соңғы жаңалықтар бойынша алған іс-тәжерибиесімен әріптестерімен бөлісті. Сонымен қатар, 2020 жыл соңында ЖД-158/1 мекемесінде 40 күн іссапарда болып, сол алған білім деңгейін танытып, өзін жақсы қырынан көрсетіп қайтты.

Орда бұзар отыздан енді ғана асып, тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығы жолында еңбек етіп жүрген әділет капитаны Мақсат Нақбергенұлының алар асуы, шығар биігі әлі алда деп ойлаймыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: