HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығы қылмысты ашуда, қылмыстың ізін кесуде қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып, нәтижесінде 192 қылмыстың бетін ашты.
Бүгінгі таңда Кинологиялық қызмет орталығында арнайы үйретілген 16 қызметтік-іздестіру иттері және 3 қызметтік күшіктер бар. Иісшіл иттерді 5 кинолог маман баптап үйретуде. Қызметтік иттердің қылмыстарды ашу, із кесу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және одорология бойынша полиция қызметкерлеріне көмек көрсетуде.
Мәселен, ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел тергеу тобына лақап аты Леон қызметтік итімен кезекшілікке түскен полиция қызметкерлері ұрлық қылмысының бетін ашты. Осы ретте қызметтік иттердің тәртіп сақшыларының сенімді серіктестері екендігі анық.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!