Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғабит Мүсіреп – «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы

18.01.2021, 14:05 1318

HALYQLINE.KZ Белгілі публицист, қаламгер Ғабит Мүсіреп қазақ баспасөзінің қарашаңырағы, еліміздің бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп – Қа­рақалпақстанның Тақтакөпір ауда­нында дүниеге келген. Әл-Фара­би атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситетінің журналистика фа­куль­тетін тамамдаған. Ол бұған дейін «Егемен Қазақстан» жалпы­ұлттық республикалық газе­тінде тілші, аға тілші, шолушы, бөлім мең­герушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, «Нұр Астана» рес­пуб­ликалық жастар апталығының бас редакторы болған. «Рухыңды түсірме, ұлым» (2010 жыл) атты публицис­ти­ка­лық шығармалар жинағы жарық көрген. Журналистика саласындағы жемісті еңбегі үшін «Дарын» мемле­кеттік жас­тар сыйлығына ие болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: