HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің тарихы сан қатпарлы. Милиция қызметкерлері Кеңес дәуірінде барлық шараларға қатысып, тәртіптің сақталуымен қатар өзінің арасынан да көптеген өнерпаздарды, ақындарды, спортшыларды шығарғаны белгілі. Олардың көбі елдің құрметіне бөленді, өйткені олар әділдікті ту еткен, шындық үшін, елдің, халықтың тыныштығы мен амандығы үшін күрескен азаматтар еді.
Облыстың қоғамдық тәртіп сақшылары тарихындағы жарқын парақтардың бірі – Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінде құрылған «Жалын» ән-халық аспаптар ансамблі. Ансамблдің өмірге келуіне сол кездегі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы милиция подполковнигі Кәрім Жұмағалиев, бөлім бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары Өркен Әзімханұлы Исмаил көп еңбек сіңірді. Өркен Исмаил жоғары білімді музыка маманы болғандықтан ансамблдің көркемдік жетекшісі болды.
Өнер ұжымы тек Сыр бойы ішкі істер органдары арасында ғана емес, жалпы облыс көркемөнерпаздары арасында үлкен беделге ие болып, республика көлеміндегі концерттерге шақырылды. КСРО Композиторлар Одағының Дипломымен марапатталады.
1983 жылы Милиция күніне орай «Жалын» ансамблінің арнайы концерті Республикалық телеарналардан берілді.
Ансамбль өнеріне Қазақстан Республикасының халық әртістері ерекше жоғары баға берді.
Бұл аталғандардың барлығы Сыр бойы тәртіп сақшыларының адал, арман, мұраттары биік, өнер сүйген азаматтар екенін айғақтайды.
Бүгінгі күні «Жалын» ән-халық аспаптар ансамблі Қызылорда облысы Полиция департаментінің барлық мәдени, идеологиялық шараларына белсенді қатысып, өнерін көрсетуде.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!