Карикатураны салған Ғалым Смағұлұлы
Парламенттің өрісі – кең,
Төрі – ем.
***
Депутаттың шынығар жері – сайлау.
Тынығар жері – Мәжіліс.
***
Мәжіліс – депутаттың анасы,
Қажет болса – панасы.
***
Депутаттың белгісі –
Аз істер де көп ұйықтар.
***
Депутаттың сөзі көп,
Бірақ ештеңемен ісі жоқ.
***
Қалаулыда қылық жоқ деме,
Бастықта былық жоқ деме.
***
Елге сайлау болды,
Сайлау – қалаулыға жайлау болды.
***
Депутат дауыс жинарда шынығады,
Мәжіліс отырысында тынығады.
***
Қырық өтірік сайлауда шығады,
Шындықты шыңырауға тығады.
***
Депутатты «сайрай бер» деп дауға қой,
Министрді «сата бер» деп малға қой,
Ал халықты қару беріп жауға қой!
***
Үш рет депутат болсаң да,
Халықтың қарызынан құтыла алмайсың.
***
Депутат елге қарайды,
Ел жерге қарайды.
***
Ұйқысын көріп,
Депутатыңды таны.
***
Депутат дауыс санайды,
Мұғалім мұрны қанайды.
Осы былық-шылықтан
Елдің қаны қарайды.
***
Ұйқысы қаттыға
Депутат деп қара.
Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!