Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сарбаздың мәйіті

31.12.2020, 11:30 431

«Қарапайым адам үшін оқтың дауы­сы жарылысқа тең, бірақ мен үшін бұл менің өмірім сияқты». Осы сөзді біздің бөлімге жаңадан келген қызметкерлердің барлығына айттым және мен олардың жаттықтыру­шысы  болдым.

«Сонымен, сіздер де мен сияқты ойлағандарыңызды қалаймын. Ешқаша­н жазықсызға от атпаңыз және кінәліні ешқашан қалдыр­маңыз». Бұл менің сүйікті жолым болды, сондықтан мен мұны тың­даушы­лардың алдында әрқашан айтамын.­

– Менің атым – Рагхав, мен – сенің жаттықтырушыңмын! – деп мен өзімді таныстырдым.

– Мырза, мен сіз сияқты болғым келеді, – деп араларынан бір сарбаз шықты.­

 Ол маған жағымпазданғысы келген­дей көрінді, өйткені мен мұнда өте қаталдығыммен танымал едім. Ақылды болып  көрінгенмен  ол  офицерлік  әрекетке ұқсамайтын. Оның жасы 19-да және өте арық денелі­, мен ондайды ұнатпаймын. Қысқаша айтқанда, ол менің «атыл­ған­»  тізімімде  болды.

– Шындығында өзімді жақсы сезіндім. Сол үшін рақмет, – дедім.

Жігіт менің сөздерімді тыңдап болған соң өзін жақсы сезінді, бірақ ертеңнен бастап өміріндегі ең жаман жағдайды бастан кешетінін білмеді. Оның есімін өте сыпайы түрде сұрадым­.

– Мырза, менің атым Сурендра Пал Сингх, бірақ достарым мені Санни деп атайды. Ол достық қарым-қатынас жасауға тырысып, мені  ашуландырды.

 – Сізге менімен досыңыз секілді сөйлеспеуге кеңес беремін! – дедім де кетіп қалдым. Менің не айтқым келетін­ін және ол түні бойы бұл туралы­  ойланатынына  сендім.

Келесі күннен бастап мені не үшін қатыгез деп атайтынын көр­сеткім келді. Мен барлық тыңдау­шы­ларға өте қатал қарадым, сондықтан олар бұл жаттығудан гөрі өлім тәтті болады деп ойлады. Менің басты мақсатым «полиция қыз­меткері болу қарапайым адаммен жұмыс істеуге лицензияңыз болса жеткілікті» деген пікірде болатын барлық  жаттығушыны  босату  болды.

Менің жаттығу жұмысым әр­дайым таңғы сағат 10-да басталды. Әдеттегідей жаттығу таңғы 5-те бастала­ды, менің осы әрекетіме бәрі таңғалды. Менің қатыгездігім сонша өз стажерларымның су үшін жылағанын жақсы көремін. Бұл – менің стилім.

– Санни мырза!.. Не болды, неге тоқтап қалдыңыз? – деп  айғайладым. Ол терге малынып, жүгіруді тоқ­татқан  кезде  мен  бәріне  бұйырдым.

– Су, су.., – деді жалынышты үнмен…

– Жарайды, мен сізге міндетті түрде су беремін, бірақ алдымен менің бір қарапайым сұрағыма жауап­ беріңіз. Мұндай жағдайда ешкім тіпті екіге екіні қоса алмайтынын білдім, өйткені адамның миы опасыздық жасай бастайды. «20-ны 30-ға көбейткенде, 400-ден 400-ді азайтқанда неше болады?» деп тез сөйледім. Тіпті  қарапайым адам оған  жауап  бере  алмайды.

Ол «а-а-а-а-а-а-а… – деген күйі, мырза, мен білмеймін», – деді. Ол қатты ентіккені соншалық, әр сөзден кейін үзіліс жасап әрең сөй­леді. «Маған су беріңізші-і-і-і» деп жалынды.

– Оның жауабы жоқ, ал сенде су жоқ.

Мен өзімді жақсы сезінгенім сонша­лық, оны ешкім елестете алмайд­ы. «Егер су ішкіңіз келсе, сіз тағы бір нәрсе істеуіңіз керек» дедім қатыгезденіп. Ол менің соңғы сөзімді ести салысымен есінен танды­. Мен бәрін шақырдым, олар Санниді  оятып  жатыр.

– Енді менің саған неге сонша қатыгез болып тұрғанымды білесің бе?

Мен олардың жауабын күткен жоқпын, өйткені уақытымды жо­ғалт­қым келмейді. «Себебі, менің жұмысым – сені қиын жағдайларға, сенің миың жұмысты тоқтата бастайтын жағдайларға, өлім мылтықтың оқтарынан да жақын болатын жағдайларға  үйрету», – дедім.

Сол кезде «Ол бізді армия сар­баздарын оқытып жатқан сияқты соғысу­ға барады деп ойлайды» деп сыбырлады  Санни. Мен бұл  пікі­ріне қатты ашуланғаным үшін оны өлтіруге де баратын едім, бірақ кейбір хаттамалардың арқасында мен  мұны  істей  алмадым.

«Сіздің алдыңызда тұрған адамдар ғана проблемамен бетпе-бет ке­лед­і деп ойлайсыз» деді. Мен тапан­шамды алдым да: «Мен барлығыңызға қандай мәселелер туралы айтып тұрғанымды түсіндіріп берейі­н» дедім. Тапаншаны оның басына ұстап, шүріппесін дайын­дадым.

– Санни өзіңді қалай сезінесің? – деп байыпты нотада айттым. Бәрі мен оны өлтіреді деп ойлады. «Мен айтқан проблемаларды бастан кешірдіңіз бе?» – деп мен қатты ай­ғайлағаным соншалық, менің дауысымнан оның шашы үрпиіп кетті.

– Иә, мырза…

– Дауыстап айт! Мен тағы айғайладым…

– Иә,  мырза!  Ол дәл мен қалағандай  айтты.

– Енді  қайтып  барып, жерден бес дөңгелек ал, сонда су аласың…

Менің оқу-жаттығу жиыным 15 күн болды, бастапқыда 75 тыңдау­шымен бастаған едім. Соңында тек 20-25 тыңдаушы ғана қалды. Олардың  кейбіреуі  кафедрадан  кетеді, ал кейбіреуі ауруханаға жатады. Бірақ бұл – менің қайтыс болған бірінші сарбазым. Оның кім екен­дігін  білу  ешкімді  таңырқатқан жоқ. Оның мәйіті біздің лагерьдің жанын­дағы  көлден  табылды. Оның денесін тану қиынға соқты және менің әрекетімнің арқасында мен оны бәрінің көзінше жасадым. Оны «мен өлтірдім»  деп сендім, бірақ мен емес. Оны мен  өлтірген  жоқпын…

Sandeep SHARMA.

Ағылшын тілінен аударған Н.ҚАЗИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: