Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құжаттама бөліміндегі қарбалас

30.12.2020, 18:00 468

HALYQLINE.KZ Биылғы 2020 жылдың аяқталуына санаулы-ақ күндер қалды. Соған байланысты барлық өзге мекемедегідей, біздің ЗК-169/1 тергеу изоляторында да, қарбалас кезең басталды. Бұл әсіресе мекеменің Кеңсе қызметі бөлімінде ерекше байқалады. Олай дейтініміз, осы уақытта құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторлары Қарашаева Гүлмира Дарханбайқызы мен Балымбетова Сәния Қайырлақызына үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Бұл екі қызметкер бүгінгі таңда өздерінің күнделікті атқарып отырған міндеттерімен қатар, әр бөлімнің 4-тоқсан бойынша атқарған іс-шарасы туралы, ҚБПҮ жоспарларының орындалу жайындағы анықтамалар, жаңа 2021 жылдық жасалынған жоспарлардың және номенклатуралардың бекітілуін қатаң қадағалауға алып отыр.

Екеуінің күнделікті атқаратын негізгі міндеттеріне мекемеге Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша ҚАЖ департаментінен келіп түскен кіріс-шығыс құжаттар яғни, бұйрықтар, нұсқаулықтар мен тапсырмаларды қадағалап отыру жатады. Келген кіріс-шығыс құжаттарын өңдеуден өткізіп, қарап, тіркеп, олардың орындалуын бақылау мәселенің шешіміне қарай, бөлім басшыларына немесе лауазымды тұлғаларға жүктейді.

Сонымен қатар, мекеменің апталық аппараттық кеңестері мен жедел мәжілісін ұйымдастыруға да жауапты. Яғни, бұл жиындарда оқылатын баяндамалар мен жиынның өтілу тәртібін реттеп береді. Бұдан бөлек мекеменің жыл соңындағы істер номенклатурасы бойынша, мекеменің есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуы туралы құжаттары, яғни, мекеменің жекке құрам бойынша бұйрықтары, жеке құрам қызметкерлеріне демалыс беру, жазалау, іс-сапарлау, және әкімшілік шаруашылық мәселелері туралы бұйрықтар, басқа да құқық қорғау органдарымен хат алмасу, ай мен тоқсан бойынша есептер, ҚАЖ департаментінің жедел және аппараттық шешімдері мен олар бойынша анықтамалары бар папкаларды ұқыптылықпен толтырып, жинақтап отырады.

Осыншама іс-қағаз құжаттарын, тиісті стильде, сауатты түрде толтырып жүрген жоғарғы білімді, жұмыстарына аса зор жауапкершілікпен қарайтын бұл екі қызметкеріміз, жанкешті еңбегімен мекеме абыройын асқақтатып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: