Бір кісі психологке келіп, өзінің көп нәрсеге мұқтаждығын, жағдайының төмен екенін айтып шағымданады:
«Қиналған кезде қол ұшын созар нағыз досым – жоқ;
Жоғары айлығым – жоқ;
Қымбат көлігім – жоқ;
Баспанам – жоқ;
Әдемі киімдерім – жоқ;
Бұрынғыдай қайрат-жігерім – жоқ;
Осылардың барлығы бір күні болады-ау деген үмітім – ол да жоқ!».
Сонда психолог сәл ғана езу тартып, жымияды да әлгі жігітке былай дейді:
«Иә, шынымен де, сізде көп нәрсе жоқ екен. Бұл тізімді дәл бұлай бітіре салғаныңыз дұрыс болмады. «Жоқ» нәрселер сізде көп еді ғой!
Мысалы,
Бойыңызда емі жоқ жаман ауруыңыз – жоқ;
Басыңызда қарызыңыз – жоқ;
Ауру ата-анаңыз – жоқ;
Мүгедектік туралы анықтамаңыз – жоқ;
Елге жаманатты қылып, жерге қаратқан қылмыскер балаңыз – жоқ!
Сізде көп нәрсе жоқ қой! Егер жоқтарыңызды санар болсаңыз, қайғырғаннан емес, риза болғаннан бөркіңізді аспанға атып қуанар едіңіз. Сондықтан қайғырудың да жөні жоқ!
Әлеуметтік желіден алынды.
Керемет,тәмсіл ұғар сана болса