Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

5 өңір қызыл аймаққа кірді

27.11.2020, 17:30 407

HALYQLINE.KZ 27 қарашадағы жағдай бойынша республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Елдегі 5 өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілді. Олар: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай, Ақмола облыстары.

Бүгінге дейін стационарлық медициналық көмек көрсету үшін 15 мыңға жуық инфекциялық төсек-орын дайындалды. Карантиндік стационарларда 6 886 төсек-орын бар, республика бойынша олардың тек 3,8 %-да (264 төсек) пациент жатыр. Қажет болған жағдайда, 51 мыңға дейін инфекциялық төсек-орын әзірленеді. Стационарлық, емханалық деңгейде екі айға жететін дәрілік препарат қоры жасалды.

Бүгінде 4 млн астам зерттеу жүргізілді, тестілеудің тәуліктік қуаты 90 мыңға жетті, зертханаларда күн сайын 40 мыңға дейін тест жасалады. Осылайша, зертханалардың резервтік қуаты 50 мың зерттеуге жетті, яғни қазақстандықтарға ПТР-тест қолжетімді, – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: