Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 14 жастағы қыз ауруханада көз жұмды

14.10.2026, 9:55 31

Қызылордадағы балалар ауруханасында 14 жастағы қыз қайтыс болды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, қала тұрғынының денсаулығы кенеттен нашарлап, ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлердің көмегіне қарамастан, жасөспірім жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды.

Қайғылы оқиғаға байланысты тиісті тексеру шаралары басталған. Бұл туралы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының басшылығы хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы мен тексеру нәтижелері қосымша жарияланатын болады.

– Аталған мәселе бойынша баланың ата-анасы медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағым түсірген. Соған сәйкес қазіргі таңда зерделеп, тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Фото: ernur.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: