HALYQLINE.KZ Аристотельге бір кісі жүгіріп келіп айтты:
— Сізді базар ішінде біреулер сыртыңыздан өсектеп жамандап жатыр.
Сонда Аристотель:
— Мені сыртымнан ұрып-соқса да болады, — деді.
* * *
Зағип кісі тас қараңғы көшеде қолына шырақ ұстап келе жатады. Оны көргендер күліп:
— Саған майшамның пайдасы не? Сен соқырсың ғой!
Сонда ол айтты:
— Адамдар маған соқтығысып кетпеуі үшін.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!