Бүгін Қызылорда қаласында өткен «Ұлы даланың ұлағаты» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Сөз аламанының бас жүлдесін Рүстем Қайыртай еншілесе, І орын жерлесіміз Ержеңіс Әбдиевке бұйырды. Қалған екі орынды Дидар Қамиев пен Бекарыс Шойбеков өзара бөлісті.
Республикалық шара Алтын Орданың 750 жылдығына және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналды, бас ұйымдастырушы – Қызылорда қаласының әкімдігі.
Ал ақындар айтысын екі дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жүргізді.
Great content! Super high-quality! Keep it up! 🙂