HALYQLINE.KZ ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары қаралды.
Әділет министрі М.Бекетаев баяндама жасап, ол жоспар биржалық сауданы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, жер қатынастарын, көлікті, құқық қорғау қызметі мен геодезияны, картографияны, волонтерлік қызмет пен қайырымдылықты, биологиялық қауіпсіздікті және т. б. дамытуға бағытталған 19 заң жобасын әзірлеуді көздейтінін хабарлады.
– Келесі жылы мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауынан туындаған екі заң жобасын Парламентке енгізуіміз қажет. Бұл – биржалық сауданы дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобалары. 2021 жылдың жоспарына сондай-ақ, үш жаңа заң жобасы енгізілді. Бұл геодезия, биологиялық қауіпсіздік және әскери полиция туралы заң жобалары, – деді А.Мамин.
Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларының сапасына және олардың Үкімет пен Парламентке уақытылы енгізілуіне ерекше назар аударуды тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!