HALYQLINE.KZ Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған А. есімді азаматқа танысының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері палауға жасырылған тыйым салынған затты тауып, тәркіледі.
Танысы Samsung маркалы телефон, «Beeline», «Activ» сим-картасы мен 2 дана қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырып өткізбек болған.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес іс-құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!