Диоген жалғызаяқ жолды тар көшеде келе жатса, тәкаппар, маңғаз, байбатша кісі қарама-қарсы келе жатып:
– Жол бер, әй, бейшара! Мен бейшараларға жол бермеймін! – деп мұрнын шүйіреді.
Диоген айтты:
– Ал, мен жол беремін!
Өлім жазасына кесіліп жатқан Сократқа топтың арасынан әйелі жүгіріп шығып:
– Әділетсіз түрде өлтіріліп жатсың-ау, – деп құшақтай қалып, өкіре жылайды.
Ашу буған Сократ:
– Не сонда әділетті түрде өлтірілуім керек пе еді!?
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!