HALYQLINE.KZ Оқыңыздар, пікір қалдырыңыздар, бөлісіңіздер! Ең бастысы, ендігәрі әдеби жанрларды шатастырмайтын болыңыз…
• Роман-өмірсыпат:
Мырқымбай туды.
Мырқымбай өмір сүрді.
Мырқымбай өлді.
• Роман-трагедия:
Мырқымбай әрең туды.
Мырқымбай жаман өмір сүрді.
Мырқымбай ерте өлді.
• Роман-драма:
Мырқымбай сүйді.
Мырқымбай өлтірді.
Мырқымбай қателесті.
• Тұрмыстық роман:
Мырқымбай жеді.
Мырқымбай ішті.
Мырқымбай ұқтады.
• Әлеуметтік роман:
Мырқымбай ішті.
Мырқымбай өлді.
• Қорқыныш драма:
Мырқымбай өлді.
Мырқымбай жеді.
• Мистикалық роман:
Мырқымбай өлді.
Мырқымбай туды.
• Қылмыстық роман:
Мырқымбай өмір сүрді.
Мырқымбай басқаларға өмір сүруге бермеді.
• Детективтік роман:
Мырқымбай шөп дайындады.
Мырқымбай шекті.
Мырқымбай ұғынды.
• Әскери роман:
Мырқымбай шабуылдауға бұйырды.
Мырқымбай шегінуге бұйырды.
Мырқымбай өмірден өтті.
• Латын америкалық роман-сенар (сценарий):
Мырқымбай туды.
Мырқымбай жоғалып кетті.
Мырқымбай табылды.
Мырқымбай үйленді.
• Эротикалық роман:
Мырқымбай, тағы!
Мырқымбай, болды ма?
• Тарихи роман:
Мырқымбай келді.
Мырқымбай көрді.
Мырқымбай жеңді.
• Пәлсапалық роман:
Мырқымбай ойланды.
Мырқымбай — кім?
• Өндірістік роман:
Мырқымбай еңбектенді.
Мырқымбай күресті.
Мырқымбай қол жеткізді.
• Ауылдық роман:
Мырқымбай жер жыртты.
Мырқымбай екті.
Мырқымбай өлді.
• Саяси роман:
Мырқымбай өмір сүрді.
Мырқымбай тірі.
Мырқымбай өмір сүрет.
• Роман-утопия:
Мырқымбай өмір сүрді.
Мырқымбай өте бақытты өмір сүрді.
Мырқымбай мәңгі жасады.
• Роман-антиутопия:
Мырқымбай жаман өмір сүрді.
Мырқымбай өзін өте бақытты өмір сүрет деп есептеді.
Мырқымбай бәрін түсінді де өлді.
• Уестерн:
Мырқымбай шауып келе жатты.
Мырқымбай атты.
Мырқымбайдың бас терісін сыпырды.
• Роман-фентези:
Мырқымбайдың өмірі қиын.
Мырқымбай таңдаулы адам.
Мырқымбай зұлымдықты жеңді.
• Гонзо стиліндегі роман:
Мырқымбай өмірді жалпағынан басып сүріп жүрді,
Мырқымбай егіп-шегіп, күресті,
Мырқымбай ешқашан өлмей қойды.
• Роман-сана ағымы:
Мырқымбай алмаларды үйрен өлтір сиыр нәжістер Мағрипа әпке ананың жасы кірпікте сүт тесік нәски шөптің иісі маңқа.
• Тыңшылар туралы роман:
Мырқымбай – ол Мырқымбай емес.
Мырқымбай – ол Мырқымбай.
Мырқымбайды Гүлзипаға айырбастады.
• Роман-эпопея:
Мырқымбай жасады.
Мырқымбай соғысты.
Мырқымбай туды.
• Өнегелі роман:
Мырқымбай бұтақты сындырды.
Мырқымбай сыпырғы жасады.
Мырқымбай өмірді түсінді.
Әлеуметтік желіден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!